12
желтоқсан
2025
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен елімізде абаттандыру мен көгалдандыру бағытындағы кешенді экологиялық шаралар тұрақты түрде жүргізілуде.
«Таза экология – бұл ұлттың денсаулығы мен болашағы. Табиғатты қорғау арқылы біз ұлттық болмысымызды, ұрпағымыздың амандығын сақтап қаламыз. Бұл – әр азаматтың ортақ парызы».
Экологиялық сана – тек ағаш отырғызу немесе қоқыс жинау емес. Бұл – қоғамның өзін-өзі тәрбиелеуі, табиғатқа жанашырлықпен қарауы және келер ұрпаққа сау табиғатты аманат етуі.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен елімізде абаттандыру мен көгалдандыру бағытындағы кешенді экологиялық шаралар тұрақты түрде жүргізілуде. Бұл – бір реттік науқан емес, жалпыұлттық деңгейдегі міндет.
Осы бағытта Шымкент ҚПД Әл-Фараби АПБ табиғатты қорғау полиция тобының инспекторы, полиция майоры Мусаева Бибіайым Өмірбайқызы тарапынан қала аумағында да кең ауқымды түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.
Қала тұрғындарымен, жастармен ұйымдастырылған кездесулер барысында табиғатты қорғау, қоқысты дұрыс тастау, жасыл аймақтарды сақтау, экологиялық мәдениетті арттыру мәселелері бойынша профилактикалық түсіндіру жұмыстары өткізілді.