10
желтоқсан
2025
А.Макаренко атындағы №41 мектеп-лицейінде Жаңа жылдық мереке қарсаңында оқушылардың қауіпсіздігін сақтау мақсатында мектеп инспекторы, полиция капитаны А.Раимбекова түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Шымкент қаласы Білім басқармасына қарасты
А.Макаренко атындағы №41 мектеп-лицейінде
Жаңа жылдық мереке қарсаңында оқушылардың
қауіпсіздігін сақтау мақсатында мектеп инспекторы,
полиция капитаны А.Раимбекова түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Құрметті оқушылар!
Пиротехникалық бұйымдар (петарда, фейерверк, шу зымыраны) — ойыншық емес!
Дұрыс пайдаланбаған жағдайда өте қауіпті.
Қандай қауіп төндіреді?
• Қол мен терінің күйіп қалуына, ауыр жарақатқа әкеледі
• Көру қабілетіне зиян келтіреді
• Қатты дыбыстан есту қабілеті нашарлайды
• Дұрыс жанбаған жағдайда қолға жарылып кетуі мүмкін
• Өрт шығарып, мүлікке зиян келтіреді
• Адам өміріне қауіп төндіруі әбден мүмкін
Есте сақта!
• Пиротехниканы тек ересектер ғана қолдануы тиіс
• Базардан, белгісіз сатушылардан пиротехника сатып алу өте қауіпті
• Петарданы қалтада, мектеп аумағына алып жүруге қатаң тыйым салынады
• Адамдарға қарай жару — заң бұзушылық!
Өзіңді және достарыңды қорға!
Қауіпсіздік ережесін сақтау — жарақаттанудың алдын алудың ең тиімді жолы!