А. Макаренко атындағы N 41 мектеп-лицейінде “Өрт қауіпсіздігі” тақырыбында біріңғай тәрбие сағаттары өткізілуі » «№41 А.Макаренко атындағы мектеп лицей» КММ
Шымкент қаласының білім басқармасының
«А.Макаренко атындағы №41 мектеп-лицейі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7 (7252) 95-49-71
Есепші бөлімі:
+7 (7252) 95-49-71
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » А. Макаренко атындағы N 41 мектеп-лицейінде “Өрт қауіпсіздігі” тақырыбында біріңғай тәрбие сағаттары өткізілуі
28
сәуір
2022

А. Макаренко атындағы N 41 мектеп-лицейінде “Өрт қауіпсіздігі” тақырыбында біріңғай тәрбие сағаттары өткізілуі

28.04.2022 жылы А. Макаренко атындағы N 41 мектеп-лицейінде “Өрт қауіпсіздігі” тақырыбында біріңғай тәрбие сағаттары өткізілді. Сабақтың мақсаты: оттың адам өміріндегі маңызын,пайдасын, пайда болу жолдарын ұғындыру. Сонымен қатар оттың тілсіз жау екендігін ұқтыру. Өрттің зияны мен қауіпсіздігі туралы толық мағлұмат беру. Оқушыларға оттан сақтанудың жолдарын, өрттің табиғатқа, адамға әкелетін зардабын түсіндіре отырып, сіріңке, оттық т.б. қатерлі нәрселерден аулақ болуға тәрбиелеу. 
Өрт кезіндегі іс-әрекет тәртібі :
1. 101- нөмірі арқылы өрт сөндірушілерге қоңырау шалып, не жанып жатқаның, нақты мекен-жайыңызды, аты-жөніңізді және телефон нөміріңізді хабарлаңыз; 
2. үрейге берілмей, сабыр сақтаңыз; лифтіні қолданбай, тек баспалдақпен түсіңіз; 
3. өртті өшіруге шамаңыз жетпесе, ол жерден тезірек кетіңіз; түтінді бөлмеде жорғалап жүруге тырысыңыз, себебі, төменгі жақта ауа көбірек; 
4. аузыңыз бен мұрныңызды дымқыл сүлгімен жауып қойыңыз, бұл өкпеге кіретін тұншықтырғыш газдың мөлшерін азайтады; 
5. терезелерді сындырмаңыз, өйткені өрт оттегімен қоректенеді. Кенеттен есікті немесе терезені ашып қалсаңыз, оттың жануы күшейе түседі.