24
қазан
2022
“Туған жерге тағзым» атты тарихи-танымдық экскурсия ұйымдастырды.




















Негізгі мақсат — мектеп бағдарламаларын визуализациялау арқылы мектептен тыс жерлерде экскурсиялық сабақтар өткізу арқылы туризмге деген қызығушылығын арттыру.
Түркістан облысында экскурсия өткізу үшін тарих пәнінен «Түркістан-XII-XV ғасырлардағы Қазақстанның рухани және материалдық мәдениетінің орталығы» тақырыбы таңдалған. Экскурсиялық сабақ облыс орталығындағы тарихи-мәдени және архитектуралық ескерткіштер шоғырланған «Әзірет-Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі аумағында өткізілді.
Мектебіміздің 8, 10 сыныптарының ата-аналар комитетімен ұйымдастырған шараға 31 оқушы қатысты. Жас ұрпақты патриоттыққа тәрбиелеуді көздейтін танымдық саяхат білімгерлердің туған елдің көрікті жерлері туралы мәліметтерге қанығып, білімдерін кеңейтуге мол мүмкіндік сыйлады.











