12
сәуір
2023
Республикада алғаш рет өткізіліп жатқан #шахматчелленджіне қатысты
А. Макаренко атындағы N41 мектеп-лицейі республикада алғаш рет өткізіліп жатқан #шахматчелленджіне қатысты. Шахмат – зейінді, интеллект пен логикалық ойлауды дамытатын балалар мен ересектерге арналған танымал спорт түрі.
Шахмат – оқушылардың зейін, сыни тұрғысынан және логикалық ойлау, шешім қабылдау, стратегиялық жоспарлау, шығармашылық талдау, қабылдау және бағалау сияқты ақыл-ой қабілеттерін дамытатын ойын.
Биыл елімізде тұңғыш рет 2-11 сынып оқушылары арасында Шахмат олимпиадасы өткізілді. Сонымен қатар, республиканың барлық білім беру ұйымдарында түрлі іс-шаралар өткізу жоспарлануда.
Шахмат челленджі мектеп директор А.А. Сарымсакованың қатысуымен өткізілді. Ойын барысында жеңімпаздар анықталып, сыйлықтар табысталды.