17
сәуір
2023
Дін мәселелерін зерттеу орталығының теолог маманы Жұмадилла Бексултанмен кездесу өтті.
17.04.2023 жылы Шымкент қаласы, Білім басқармасына қарасты А. Макаренко атындағы N 41 мектеп-лицейінде 8-10 сынып оқушылары дін істері басқармасы Дін мәселелерін зерттеу орталығының теолог маманы Жұмадилла Бексултанмен кездесу өтті.
Ақпараттық-түсіндіру жұмысының мақсаты – зайырлылық қағидаттарын насихаттау, діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу, деструктивті діни ағымдардың идеологиясына қарсы иммунитет қалыптастыру, ұлттық құндылықтарды дәріптеп, жастарды отансүйгіштікке тәрбиелеу.
Кездесу барысында дәстүрлі емес діни ағымдар, олардың себептері мен зардаптары жөнінде сөз қозғалды. Теолог маманы ислам дінінің тазалығын, бауырмалдылыққа жетелейтінін түсіндіріп өтті.
Жұмадилла Бексултан жастарға діни және зайырлы білімді қатар алудың жолдарын түсіндіріп, қайсысы маңыздырақ екеніне тоқталып өтті және дәстүрлі діндердің ерекшелігі, интернет желсіндегі қауіпсіздік және т.б. мәселелер қарастырылып, оқушылар тарапынан қойылған сауалдарға жауап берілді.
# Антитеррор