“О спорт, сен өмірсің!” » «№41 А.Макаренко атындағы мектеп лицей» КММ
Шымкент қаласының білім басқармасының
«А.Макаренко атындағы №41 мектеп-лицейі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7 (7252) 95-49-71
Есепші бөлімі:
+7 (7252) 95-49-71
Нашар көрушілер
нұсқасы
27
қыркүйек
2023

“О спорт, сен өмірсің!”

“О спорт, сен өмірсің!”
Қыркүйек айының 25-ші жұлдызында «О спорт, сен өмірсің!»аттты ұранымен А. Макаренко атындағы N 41 мектеп-лицейінде Дене шынықтыру апталығы бастау алды. Бұл іс-шара мақсаты салауатты өмір салтының мәселелеріне білім алушылардың назарын аудару, денсаулық туралы жастардың білімдерін арттыру шығармашылық және спорттық қабілеттерін дамыту.Мұндай іс-шара білім алушылардың  денсаулығын нығайтуға септігін тигізеді. Апта бойы түрлі спорттық жарыстар, ашық сабақтар мен эстафеталар өткізіледі. Кафедра жетекшісі Д. Қарабаев барлық қатысушылар марапатталады деп хабарлады.