08
қазан
2023
Зейнетке шыққан , Ұстаздар күнімен құттықтады.
Шымкент қаласы Білім Басқармасы
Жанат Тәжиева
А.Макаренко атындағы N 41 мектеп - лицейіннің бастауыш сынып ұстаздары бірігіп, зейнетке шыққан ардагер ұстаздарды назардан тыс қалдырмады.Үйлеріне арнайы барып Ұстаздар күнімен құттықтады.Жылы тілектерін айтып,сыйлықтарын беріп ерекше көңіл күй сыйлап қайтты.
Ұстаз болу – жүректің батырлығы,
Ұстаз болу – сезімнің ақындығы,
Ұстаз болу – мінездің күн шуағы,
Азбайтұғын адамның алтындығы – деп ақын Ғ. Қайырбеков жырлағандай, сөзі маржан, үні ән ұстаздардың бар болғанын мақтаныш етеміз.
Осы ұстаздар жайында халқымыздың ұлы батыры Бауыржан Момышұлы «Ұстаздық — ұлық емес, ұлы қызмет. Себебі, ұрпақтарды ұстаз тәрбиелейді. Болашақтың басшысын да, данасын да, ғалымын да, еңбекқор егіншісін де, кеншісін де ұстаз өсіреді… Өмірге ұрпақ берген аналарды қандай ардақтасақ, сол ұрпақты тәрбиелейтін ұстаздарды да сондай ардақтауға міндеттіміз” деген.


