27
желтоқсан
2023
«Шымкент Дарыны» орталығының ұйымдастырылуымен республикалық олимпиаданың аймақтық кезеңі өткізіледі.
Шымкент қаласы Білім басқармасына қарасты «Шымкент Дарыны» орталығының ұйымдастырылуымен өткен 9-11 сынып оқушылары арасындағы жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың аймақтық кезеңі 2023 жылғы 19-20 желтоқсан күндері өткізілді. Жыл сайын өтетін бұл іс-шара академиялық адалдықты сақтай отырып өткізіледі. Оқушылардың дайындық деңгейіне қарай жүлделі орындарға ие болады. Атап айтқанда, олимпиада аяқталған соң оқушылардың жұмыстары шифрланып комиссия мүшелеріне тексеруге беріледі. Бұл дегеніміз комиссия құрамы алдындағы жұмыс қай мектептің, қай оқушының жұмысы екенін білмейді. Шифрланған жұмыстар мен тексерілген жұмыстардың аппеляциясыз хаттамасы орталықтың сайтына жүктеледі. Әр мекеме өз оқушыларының жұмысын анықтап, хаттамадан жинаған ұпайын анықтай алады. Олимпиада тапсырмаларында кемшіліктер болса немесе бағалауы бойынша келіспеген жағдайда оқушы аппеляцияға бере алады.
Жалпы айтқанда, Дарын орталығының ұйымдастыруымен өтіп жатқан барлық іс-шаралар академиялық адалдықты сақтай отырып, үнемі әділ өтеді. Оқушыларымыз өз күшімен, дайындық деңгейіне байланысты жүлделі орындарға ие болып келеді.
