Ақпарат » Страница 63 » «№41 А.Макаренко атындағы мектеп лицей» КММ
Шымкент қаласының білім басқармасының
«А.Макаренко атындағы №41 мектеп-лицейі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7 (7252) 95-49-71
Есепші бөлімі:
+7 (7252) 95-49-71
Нашар көрушілер
нұсқасы
“ Қош келдің, Наурыз!”
28
наурыз
2022
“ Қош келдің, Наурыз!”
N 41 мектеп-лицейінде “ Қош келдің, Наурыз!” мерекелік іс-шара өткізілді. Мерекені 11 орыс сыныбының оқушылары ұйымдастырды. Қазақ халқының “Сырға салу” салт дәстүрі көрсетілді. Қуантары: өзге тіл өкілдері қазақша таза сөйлеп, салтымызға қызығушылық танытқаны. “Ұстазы жақсы болғанның- ұстанымы мықты болады”- демекші. Оқушыларға бағыт-бағдар беріп, Қазақ тілін құрметтеуге насихаттап отырған қазақ тілі пәні мұғалімі, мектебіміздің директоры Сарымсакова Айна Аблаевна.
“Наурыз көже” кеші
28
наурыз
2022
“Наурыз көже” кеші
N 41 мектеп-лицейінде ұстаздар қауымының арасында “Наурыз көже” кеші өткізілді. Наурыз көже - Ұлыстың ұлы күні жасалатын қасиетті ас. Оған тары, арпа, бидай, бұршақ, күріш сияқты жеті түрлі дән мен ақ қосылады. Түркі халықтарының ұғымында жеті саны қасиетті саналғандықтан, наурыз көжеге жеті түрлі дәм қосылады. Оған қоса, ол - тоқшылық пен ырыс құттың жоралғысы. Мерекелік іс-шара  ұжымның кәсіподақ ұйымы дайындады. Ұлыстың ұлы күні құтты болсын!!!  
“Аула чемпионаты”
28
наурыз
2022
“Аула чемпионаты”
Шымкент қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасының ұйымдастыруымен “Аула чемпионаты” өткізілді. N 41 мектеп-лицейінің мұғалімдері мен оқушылары қатысып жүлделі орындарға ие болды. Құттықтаймыз! Асық ату 41-мектеп екінші орын жетекшісі:Салыбеков Станислав Сулейевич Гимнастика 41-мектеп бірінші орын жетекшісі:Карабаев Демеу Курмангалиевич Футбол қақпаға доп соғу 41-мектеп бірінші орын жетекшілері:Амалбаев Дархан, Сарсен Абзал
“Қош келдің, Наурыз!” Мерекелік іс-шара
28
наурыз
2022
“Қош келдің, Наурыз!” Мерекелік іс-шара
А. Макаренко атындағы N 41 мектеп-лицейінде “Қош келдің, Наурыз!” Мерекелік іс-шара өтілуде. 3-4 орыс сынып оқушыларының қатысуымен Қазақ тілі пәні мұғалімдері Ергешова З.М., Примкулова Л. тақырыптық ашық тәрбие сағаттарын өткізді. Оқушылар қазақ тілін жетік меңгергені байқалып, пәнге қызығушылығы бар екенін көрсете білді. Домбыра тартылып, ән айтылды, сабақтын соңында әдемі бата берілді.
«Оқуға құштар мектеп» жобасы
17
наурыз
2022
«Оқуға құштар мектеп» жобасы
16  наурыз күні А.Макаренко атындағы №41 мектеп-лицейінде «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында, ағылшын тілі әдістеме кафедрасының ұйымдастыруымен, 4-сынып оқушыларының қатысуымен  танымдық-тағылымдық іс-шара өткізілді.Балалар әдебиетінің жазушысы, әлемге әйгілі балалар және ересектерге арналған ертегілер авторы Ханс Кристиан Андерсеннің шығармаларынан үзінділер оқып, өз ойларын ортаға салды. Іс-шара барысында викториналар мен конкурстар өткізіліп, ойындар ойнатылды. Белсене қатысқан барлық
9-11 сынып оқушыларының республикалық олимпиадасының аймақтық кезеңі қортындысы
13
наурыз
2022
9-11 сынып оқушыларының республикалық олимпиадасының аймақтық кезеңі
2022 жылғы 14-22 ақпан аралығында Шымкент қаласы Дарын орталығының ұйымдастыруымен N90 дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-гимназиясы базасында өткен 9-11 сынып оқушыларының республикалық олимпиадасының аймақтық кезеңі қортындысы бойынша мектеп бойынша 21 оқушы жүлделі орындарға ие болып, 8 оқушы қалалық кезеңге жолдама алған болатын.  Жалпы: І орын - 4 оқушы ІІ орын -6 оқушы ІІІ орын - 1 оқушы. Бүгін, 12 наурыз күні Дарын орталығының дайындаған дипломдарымен  жеңімпаздарды
мероприятие "Оқуға құштар мектеп"
07
наурыз
2022
мероприятие "Оқуға құштар мектеп"
В школе-лицей № 41 имени А.Макаренко прошло мероприятие "Оқуға құштар мектеп". Мероприятие было организовано учителем английского языка Палекеевой А.Н. совместно с учащимися 10б класса и библиотекой.Ребята рассказали и поделились впечатлениями о своих любимых авторах и книгах на английском,казахском и русском языках.Прозвучали стихи Абая Кунанбаева на английском языке.Активное участие приняли учащиеся Сман Б.,Мустафа А.,Аблай Б., Жуманазар Б.,Исменбетова К.,Сарман А., Закиров Б.Используя
«Әлем таныған Әуезов» байқауы
03
наурыз
2022
«Әлем таныған Әуезов» байқауы
Тағы да жетістік! Шымкент қаласы Дарын орталығымен ұйымдастырылған «Әлем таныған Әуезов» байқауында 6 «А» сынып оқушы Ерғалиұлы Арнұр жүлделі орынға ие болып ІІІ дәрежелі дипломмен мараптталды. Арнұр мен жетекшісі Л.С.Байымбетованы жеңістерімен құттықтаймыз!
“М. Әуезов “Абай жолы”- ғасырлық туынды” қалалық тәрбие семинары
28
ақпан
2022
“М. Әуезов “Абай жолы”- ғасырлық туынды” қалалық тәрбие семинары
28.02.2022 жылы өткізілген А. Макаренко атындағы N 41 мектеп-лицейінде “М. Әуезов “Абай жолы”- ғасырлық туынды” қалалық тәрбие семинарына белсене қатысқаны үшін бір қатар ұстаздарымыз Шымкент қаласының білім басқармасы әдістемелік бөлімінен Мақтау қағаздарына ие болды. Құттықтаймыз!!!
Республикалық олимпиаданың аймақтық кезеңі
28
ақпан
2022
Республикалық олимпиаданың аймақтық кезеңі
2022 жылдың 14-22 акпан аралығында №90 дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-гимназиясы базасында Дарын орталығының ұйымдастыруымен жалпы білім беретін пәндер бойынша Республикалық олимпиаданың аймақтық кезеңі өтті. Олимпиадаға мектеп атынан 51 оқушы қатысты. Олимпиада нәтижесі бойынша 14 оқушы жүлделі орындарға ие болып, оның ішінде 10 оқушы қалалық кезеңге жолдама алды. Аудандық кезеңнің жүлдегерлері мен жетекшілерін шын жүректен құттықтаймыз! Қалалық кезеңге жолдама алған