23
январь
2024
«ФУНКЦИОНАЛДЫҚ САУАТТЫЛЫҚ –БІЛІМ САПАСЫН ЖЕТІЛДІРУ» тақырыбында қалалық семинары өтті.
Бүгін Шымкент қаласы білім басқармасы Әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен А.Макаренко атындағы №41 мектеп-лицейінді «ФУНКЦИОНАЛДЫҚ САУАТТЫЛЫҚ –БІЛІМ САПАСЫН ЖЕТІЛДІРУ» тақырыбында қалалық семинары өтті.
Семинардың мақсаты: Білім алушылардың оқу, математикалық және жаратылыстану-ғылыми сауаттылықтарын арттыру барысында функционалдық сауаттылықтарын қалыптастыру, тәжірибе алмасу.
Семинарға өз тәжірибесімен жоғарғы деңгейде қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Баймбетова Л.С., орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Рубанов Р.В., химия пәні мұғалімі Байжигитова С.Т., математика пәні мұғалімі Байырбекова Ж.Н., биология пәні мұғалімі Сейтбекова А.Б., бастауыш сынып мұғалімдері Бабешко И.В. және Хайдарбекова Б.Х. өткізді.
Сонымен қатар, мектеп психологтері Исаханова Н.Б., Зейдуллаева М. "Емтиханға оқушыларды психологиялық тұрғыдан дайындау" тақырыбында тренингі өткізді.




