15
февраль
2024
" Мәдениет пен тәрбие " тақырыбында пікір сайыс болып өтті.
А.Макаренко атындағы N 41 мектеп лицейінде 14.02.2024 ж. 8-9 сыныптар арасында " Мәдениет пен тәрбие " тақырыбында пікір сайыс болып өтті.
Адамды даңққа бөлейтін екі қасиетті өнер бар: бірі – қолбасшылық, екіншісі – шешендік”, – деп ежелгі Римнің әйгілі шешені, дарынды жазушысы, қоғам қайраткері Марк Ту́ллий Цицерон айтқандай, өз ойыңды ашық жеткізіп, келістіре айту да – үлкен өнер. Дебат – жастарды көшбасшылыққа баулудың бір жолы. Ел ертеңі болатын жастардың өз ойын ашық білдіріп, еркін сөйлеуі маңызды. Оларға қоғамдық-әлеуметтік маңызды мәселелерді талдап, түсіне алу қабілеті қажет. Пікірсайыс жастарымызды ұтқыр ойлы, саяси сауатты болуға баулиды. Жеке тұлғаның танымын кеңейтеді.





