17
май
2022
“Нағыз қазақ қазақ емес, нағыз қазақ домбыра”
Елдің мұңын мұңдаған, жүректің үнін тыңдаған, намысты қайрап шыңдаған, ерлік пен елдікті жырлаған қайран күмбірге толы домбыра үні!
“Нағыз қазақ қазақ емес, нағыз қазақ домбыра”
дегендей біздің 41 мектеп лицейі оқушылары арасында өз өнерің ортаға салып, ұлттық аспабымыз домбыра да ойнады. Күйшілеріміздің күйлерің мейіліңше орындап, мектепшілік байқауға өз үлестерің қосты. Қазақ халқының қара домбырасын насихаттап, күйдің ерекшелігің ұғынып күй арқылы жеткізе білді .
Қазақтың бүкіл болмысы жыр мен әнде көрінді, тұрмыс-салттық дәстүрі өлеңмен бірге өрілді, қуанышы мен қайғысы күмбірлеген күй боп бірге төгілді. Сондықтан да қазақ домбыраны кие тұтты, оны үйдің төріне іліп қойып қастерледі.
“Домбыра дастан” тақырыбын да өткізілген іш шараның ұйымдастырушы мектепте ұстаздық етіп жүрген музыка пәнінің мұғалімі Исабекова Маржан Акманасқызы.
Жоғарғы сынып оқушылары Сұлтанбек Саяна, Оралхан Әліхан, Барат Бекзат.
Орта буын оқушылары 5”А” сынып Тахирова Мереке, 5”Е” сынып Сәбит Жанерке, 5”Д” Мақсұт Лейла, 6 “Б” сынып Орынбек Нұрмұхаммед, Шорабек Ердаулет, Қалдар Олжас, Нағашбек Сырым өз өнерлерін ортаға салды.
