08
октябрь
2022
Асхана туралы
ҚР Үкіметінің 2008 жылғы 25 январьдағы №64 қаулысына, ҚР Білім және Ғылым министрлігінің 2020 жылғы 8 июньдағы «Орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру, сондай-ақ мектепке дейінгі ұйымдарда, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында тәрбиеленетін және білім алатын балаларды тамақтандыруды қамтамасыз етумен байланысты тауарларды сатып алу кағидаларын бекіту туралы» мемлекеттік қызметті көрсету қағидаларын, негізге ала отырып, 06.10.2022 жылы Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты А.Макаренко атындағы № 41 мектеп-лицейінде асхана тазалығы мен санитарлық жағдайын мектебіміздің бракераждық комиссия құрамы тексерді. Комиссия құрамына мектебіміздің ата-аналар комитетінің мүшелірі Хасан Н.А. және Исабаева А. ханымдар қатысып, өздерінің пікірлерін білдірді. Асхананың тазалығымен тамақтың құрамы, сондай ақ мөлшері, ас мәзірімен сай екендігіне ризашылықтарын білдірді.


