06
февраль
2023
«ОҚУҒА ҚҰШТАР МЕКТЕП» жобасы аясында 20 минуттық кітап оқу.
«ОҚУҒА ҚҰШТАР МЕКТЕП» жобасы аясында 20 минуттық кітап оқу.
«Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында №41 мектеп –лицейінің әкімшілігі М.Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясын талқылады. Абайдың адам, азамат, ақын ретінде қалыптасуы сол жарты ғасыр ішіндегі қазақ қоғамының барлық саласындағы өмірдің барлық ойы-қыры, қия-қалтарысымен өріле суреттелгені туралы мектеп директоры А.А.Сарымсакова сөз алды. Абай арқылы өткен ғасырдың екінші жартысындағы және осы ғасырдың басындағы бүкіл халық тіршілігін, оның көп бұралаң тағдырын, ой-арманын, мақсат-мүддесін, күрес-тартысын... бәр-бәрін түгел шарлап өткен жайлығы туралы сөз қозғады. «Халық» дегенде, бұл ұғымның негізінде ұлттың әдет-ғұрпы ғана емес, ұлттық рухы жататыны сөзсіз. Демек, «Абай жолында» кешегі қазақтардың тұрмысы, әдет-ғұрпы ғана емес, күллі рухы сайрап білініп тұрғанын.

