06
март
2023
6 мартда қазақ тілі мен әдебиеті пәні әдістемелік кафедрасының апталығы басталды.
А. Макаренко атындағы №41мектеп-лицейінде 6 мартда қазақ тілі мен әдебиеті пәні әдістемелік кафедрасының апталығы басталды.
Мақсаты: Тіл – ұлттың мақтанышы, тірегі, жүрегі екендігіне кең түсінік бере отырып, оқушыларды елжандылыққа, туған тілін құрметтеуге, тілді ұлттық мұра ретінде қастерлеуге үйрету.
Патриоттық рухы биік, саналы ұрпақ тәрбиелеуде оқушылардың қызығушылығын арттыру мақсатында «Таңғы тілек» айдарынан бастау алды. «Бір мақал-бір бауырсақ», «Мен елімнің ертеңімін», «Мәңгілік ел тұғыры» бөлімдері бойынша «Бүгінгі күнге қандай тілегің бар? Еліміздің болашағын қалай елестетесің? Еліміздің дамуы жолына қандай үлес қосар едің? деген сұрақтарға жауап алынып, оқушылар ой-пікірлерін жазбаша жеткізді. Аралық үзілісте «Арқан тарту» ұлттық ойыны, « Қара жорға» биіне флешмоб өткізіліп, оқушылар қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша білім-білік дағдыларын сарапқа салды. Түрлі бағытта шығармашылық тапсырмалар орындап, іс-шараға белсенділікпен қатысты.
Тілдер апталығының салтанатты ашылу рәсімі « Қазақ тілі –мәңгілік елдің, мәңгілік тілі» атты мерекелік кешпен жалғасын тапты.




