05
апрель
2023
8-10 сыныптарының қыздар жиналысы өтті
А. Макаренко атындағы N 41 мектеп-лицейінде 8-10 сыныптарының қыздар жиналысы өтті. Жиналысты мектеп директоры А.А. Сарымсакова жүргізді. Қазір әлеуметтік желідегі жас қыздардың жаға жыртысып, бірін-бірі аяусыз ұрып-соғып жатқан көріністеріне көз үйренді. Оның ішінде жасөспірім қыздардың жанжалын жиі көреміз, оның бәрі Заң жүзінде қатаң жазалатыны туралы ұмытпау керегін ескертілді. Сонымен қатар, әлеуметтік желілерде балағат сөздермен бейнеүндеу жариялағаны үшін кәмелетке толмағандар ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабы (Ұсақ бұзақылық) бойынша жауапқа тартылады. Оның ата-анасы ӘҚБтК-нің 127-бабына сәйкес жазаланады (Кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамау).



