10
қаңтар
2025
БІЗДІҢ ТОЛАҒАЙ ЖЕТІСТІКТЕР!
БІЗДІҢ ТОЛАҒАЙ ЖЕТІСТІКТЕР!
2024-2025 оқу жылының І-жартыжылдығының қорытындысы бойынша оқушылардың жалпы білім беретін пәндер бойынша Республикалық олимпиаданың аймақтық кезеңінде биылғы жүлделі орындар саны 2023-2024 оқу жылымен салыстырғанда 2 есеге өсті. Бұл мектеп ұжымын мен білім алушыларының еңбектерінің жемісі. Ағымдағы жылдың 6-7 қаңтар күндері Шымкент қаласы Білім басқармасына қарасты «Шымкент Дарыны» орталығының ұйымдастыруымен 9-11 сынып оқушылары арасындағы жалпы білім беретін пәндер бойынша Республикалық олимпиаданың қалалық кезеңі өтті. Қалалық кезеңдегі додаға мектеп намысын қорғауға 9 оқушы қатысып, 4 оқушы жүлделі орынға ие болды. Атап айтқанда,
1) Сайдахметова Мафтуна – 1 орын (орыс сыныптарындағы қазақ тілі мен әдебиеті), жетекшісі Сарымсакова Айгуль Аблаевна
2) Зайцева Ульяна – 1 орын (орыс тілі мен әдебиеті), жетекшісі Мирзасалиева Людмила Ивановна
3) Тилепбаев Амиржан – 3 орын (Қазақстан тарихы), жетекшісі Муслимова Гүлназ
4) Тюлькин Александр – 3 орын (информатика), жетекшісі Джусипбекова Жанна
1 орын алған екі оқушымыз Республикалық олимпиадада бақ сынайды.
Түрлі деңгейдегі олимпиадалар мен іс-шараларды әділ және жоғары деңгейде ұйымдастырып өткізетін «Шымкент Дарыны» орталығының басшылығы мен ұжымына алғысымыз шексіз!
Республикалық кезеңге жолдама алған оқушылар мен жетекшілеріне сәттілік тілейміз!