Тіл – ұлттың жаны, халықтың қазынасы! » «№41 А.Макаренко атындағы мектеп лицей» КММ
Шымкент қаласының білім басқармасының
«А.Макаренко атындағы №41 мектеп-лицейі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7 (7252) 48-91-43
Есепші бөлімі:
+7 (7252) 95-49-71
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Тіл – ұлттың жаны, халықтың қазынасы!
05
қыркүйек
2026

Тіл – ұлттың жаны, халықтың қазынасы!

Тіл – ұлттың жаны, халықтың қазынасы!
Тілдер мерекесіне орай А. Макаренко атындағы №41 мектеп-лицейінде оқушылардың тілге деген құрметін арттыру, көптілділікті насихаттау және әр ұлттың мәдениеті мен салт-дәстүрін дәріптеу мақсатында тағылымды іс-шара ұйымдастырылды.
Шара барысында оқушылар ана тіліміздің қадір-қасиетін дәріптеп, түрлі тілдерде өлеңдер оқып, ән шырқап, ұлттық мәдениеттердің ерекшеліктерін таныстырды. Әсем әуен мен мазмұнды қойылымдар мерекелік кештің сәнін келтірді.
«Тілі бірдің – тілегі бір» демекші, әр тілді құрметтеу – әр халықты құрметтеу. Ана тілімізді ардақтап, өзге тілдерді үйрену арқылы білімді, мәдениетті, бәсекеге қабілетті ұрпақ қалыптастырамыз.
 Тіліміз тұғырлы, бірлігіміз ғұмырлы болсын!