«Тіл – ұлт жүрегі» » «№41 А.Макаренко атындағы мектеп лицей» КММ
Шымкент қаласының білім басқармасының
«А.Макаренко атындағы №41 мектеп-лицейі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7 (7252) 48-91-43
Есепші бөлімі:
+7 (7252) 95-49-71
Нашар көрушілер
нұсқасы
08
қыркүйек
2026

«Тіл – ұлт жүрегі»

«Тіл – ұлт жүрегі»
Тіл – ұлттың жаны, халықтың рухани байлығы, өткен мен бүгінді жалғап тұрған алтын көпір. Ана тіліміз арқылы біз ұлттық құндылықтарымызды, салт-дәстүрімізді, тарихымыз бен мәдениетімізді ұрпақтан-ұрпаққа жеткіземіз.
Осы орайда А.Макаренко атындағы №41 мектеп-лицейінде «Тіл – ұлт жүрегі» тақырыбында оқушылар арасында эссе жазу жұмыстары ұйымдастырылды.
Эссе жазу барысында оқушылар ана тілінің қадір-қасиеті, мемлекеттік тілдің мәртебесі және тілдің ұлт өміріндегі маңызы туралы өз ойларын ортаға салды. Жас ұрпақ өз шығармаларында тілдің әрбір халық үшін баға жетпес рухани мұра екенін ерекше сезіммен жеткізе білді.
Оқушылардың шығармашылық жұмыстары олардың ана тіліне деген сүйіспеншілігін, ұлттық құндылықтарға деген құрметін аңғартты.
Тіл – ұлттың жүрегі, ал жүрегі соққан ұлттың рухы әрдайым биік болмақ!
Ана тілімізді ардақтап, оның мәртебесін биіктету – баршамыздың ортақ парызымыз!