12
қыркүйек
2026
«Кітап оқыған ұрпақ – елін сүйген ұрпақ»
«Кітап оқыған ұрпақ – елін сүйген ұрпақ»
А. Макаренко атындағы №41 мектеп-лицейінде оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, олардың рухани дүниесін байыту, ой-өрісін кеңейту және көркем әдебиетті насихаттау мақсатында «Кітап оқыған ұрпақ – елін сүйген ұрпақ» тақырыбында дөңгелек үстел іс-шарасы өткізілді.
Іс-шара барысында кітаптың адам өміріндегі маңызы, кітап оқудың тұлға қалыптастырудағы рөлі және жас ұрпақтың білімге, ізденіске деген құштарлығын арттыру мәселелері кеңінен талқыланды. Оқушылар өздері оқыған шығармалары туралы ой бөлісіп, сүйікті кітаптары мен кейіпкерлері жайлы пікірлерін ортаға салды.
Кітап – адамзаттың ғасырлар бойы жинақтаған асыл қазынасы, білім мен тәрбиенің қайнар көзі. Кітап оқитын ұрпақтың ойы терең, сөзі мәнді, дүниетанымы кең болады. Сондықтан жас ұрпақты кітап оқуға баулу – білімді, мәдениетті әрі елжанды азамат тәрбиелеудің маңызды бағыттарының бірі.
Кітап оқыған жас – білімді болашақтың, кітап оқыған ұрпақ – жарқын келешектің кепілі!


