АНАҒА ТАҒЗЫМ ТАҚЫРЫБЫНДА КЕЗДЕСУ ӨТТІ » «№41 А.Макаренко атындағы мектеп лицей» КММ
Шымкент қаласының білім басқармасының
«А.Макаренко атындағы №41 мектеп-лицейі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7 (7252) 95-49-71
Есепші бөлімі:
+7 (7252) 95-49-71
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » АНАҒА ТАҒЗЫМ ТАҚЫРЫБЫНДА КЕЗДЕСУ ӨТТІ
11
мамыр
2024

АНАҒА ТАҒЗЫМ ТАҚЫРЫБЫНДА КЕЗДЕСУ ӨТТІ

АНАҒА ТАҒЗЫМ ТАҚЫРЫБЫНДА КЕЗДЕСУ ӨТТІ
Шымкент қаласы білім  басқармасына қарасты А.Макаренко атындағы №41 мектеп- лицейінде 2024 жылдың 10 мамыр күні «Аналар күніне арналған  іс-шаралар жоспарына сәйкес «АНАҒА ТАҒЗЫМ» тақырыбында «Алтын алқа» белгісі бар аналарды құрметтеу және олардың бала тәрбиесіне қосқан үлесін тану бойынша кездесу өтті.  Кездесуге      алтын құрсақты аналарымыз қатысты.
Әлемнің жарығын сыйлаған аналарға деген құрмет әрқашанда жоғары. Тек балаларының алдында ғана емес, мемлекет алдында да үлкен еңбек сіңіріп, ел алдында абыройларын асырған алтын құрсақты аналарымызды төрге шығарып, аяулы жандарға  құттықтау тілектер айтылды. Аналарымыз өз сөздерінде, қазіргі заманда көпбалалы ана болу, балаларыңды қатарынан кем қылмай бағып-қағып өсіру оңай емес, дегенмен жаратушы балаларға жарық дүниені көруді нәсіп еткен соң оларды ризықсыз қалдырмайды. Сондықтан қазақ елінің ұрпағын көбейтуге барлық аналарды шақырамын деді. Сондай-ақ Бала – әйел адамның өміріндегі ең үлкен сый. Өткенге көз салсақ, батыр аналарымыз көп болған. Қазір біз сол жандардың ізін жалғастырып келеміз. Әрбір қыз-келіншекке «ана» деген қасиетті де қастерлі атты есту бұйырса екен  деп сөзін аяқтады.Кездесуде оқушылар  аналарымызға сұрақ қойып  ән айтып ,күй тартып,өлең оқыды.Аналар балаларға бесік салу дәстүрін оқушылармен бірге көрініс қойды.Аналар оқушыларға өз ризашылықтарын білдіріп, ақ батасын беріп, жақсы көңіл күймен тарқасты