26
ақпан
2022
“Жігіт Сұлтаны” мектепішілік сайысы
25.02.2022 жылы N 41 мектеп-лицейінде Өзін өзі басқару ұйымының ұйыидастыруымен 9-10 сыныбының ұл балалар арасында “Жігіт Сұлтаны” мектепішілік сайысы өтті.
Мақсаты:
1. Ата салтын насихаттай отырып, нағыз қазақ жігітінің бойындағы қасиеттерімен таныстыру.
2. Әр баланың бойындағы қабілеттерін: ойлау, әр түрлі жағдайлардан шыға білу, өнерін көрсету, тапқырлық, сахна мәдениетін қалыптастыру, дамыту.
3. Ата салтын ардақтайтын, өз елін сүйер нағыз қазақ жігітінің қасиеттерін бойына сіңіре білер ұрпақты тәрбиелеу.
Сайысқа 12 жігіт қатысып, бақтарын сынады.
Мектебіміздің “жүзден жүйрік мыңнан тұлпар” “бағы жанған” Жігіт Сұлтаны 2022 кубогі - Қаримкулов Нұрсултан 10 “б” сынып оқушысына берілді.
Қызықты тартысқа қатысқан барлық қатысушылар марапатталды.











