30
сәуір
2025
1 Мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күніне орай Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты А.Макаренко атындағы № 41 мектеп-лицейінде ерекше шара ұйымдастырылды.




Балалардың суреттерінен еліміздегі ұлттар достығы, көгершін мен күн бейнесі, тудың суреті мен «Бейбіт ел – Қазақстан» деген жазулар орын алды
. Әрбір сынып өз ойларын ашық, еркін түрде білдіріп, өзара бірлік пен мейірімділікті сурет тілімен көрсете білді.



Бұл шара оқушылардың бойында патриоттық сезім мен достыққа деген сүйіспеншілікті оятты. Ел бірлігін ұлықтау – әр ұрпақтың парызы. Осындай тәрбиелік мәні зор іс-шаралар жас жеткіншектерді рухани бай, адамгершілігі мол азамат етіп тәрбиелеуде үлкен рөл атқаратыны сөзсіз.
Бірлігіміз бекем болсын!
Достығымыз мәңгі жасасын!
— 41 мектеп-лицей ұжымы