Мектебімізде 📚 Оқушылар арасында патриоттық тәрбиеге бағытталған эссе байқауы өтті » «№41 А.Макаренко атындағы мектеп лицей» КММ
Шымкент қаласының білім басқармасының
«А.Макаренко атындағы №41 мектеп-лицейі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7 (7252) 95-49-71
Есепші бөлімі:
+7 (7252) 95-49-71
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Мектебімізде 📚 Оқушылар арасында патриоттық тәрбиеге бағытталған эссе байқауы өтті
20
мамыр
2025

Мектебімізде 📚 Оқушылар арасында патриоттық тәрбиеге бағытталған эссе байқауы өтті

📚 Оқушылар арасында патриоттық тәрбиеге бағытталған эссе байқауы өтті
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты А.Макаренко атындағы № 41 мектеп-лицейінде оқушылардың азаматтық көзқарасын қалыптастыру, елге, жерге деген сүйіспеншілігін арттыру және құқықтық сауаттылығын дамыту мақсатында “Таза Қазақстан”, “Заң және тәртіп”, «Адал Азамат» тақырыптарында эссе байқауы өткізілді.
✍️ Эссе жазу барысында оқушылар:
🔹 Қоршаған ортаны қорғау мен экологиялық мәдениетті қалыптастырудың маңызын (“Таза Қазақстан”);
🔹 Қоғамдағы тәртіп пен заңның рөлін, құқыққа бағынудың жауапкершілік екенін (“Заң және тәртіп”);
🔹 Адалдық, әділеттілік және азаматтық жауапкершілік ұғымдарын (“Адал Азамат”) терең мазмұнда талдап, өз ой-пікірлерін шынайы жеткізді.
📝 Эсселерде оқушылар қоршаған ортаға бейжай қарамау, құқықтық тәртіпті сақтау және адал болу — әрбір азаматтың парызы екенін нақты мысалдар арқылы көрсете білді. Кейбір жұмыстарда отбасы тәрбиесі, өмірлік тәжірибе мен қоғамдағы әділеттілік мәселелері әсерлі баяндалды.
🎉 Байқау жеңімпаздары:
🏅 1–4 сыныптар арасында – 2 “Д” сынып оқушысы Мұхталханқызы Айлин
🏅 5–9 сыныптар арасында – 9 “А” сынып оқушысы Жақыпбек Айша
🏅 10–11 сыныптар арасында – 10 “А” сынып оқушысы Жұмахан Аймерек
Олардың шығармаларынан туған жерге деген сүйіспеншілік, заңға құрмет пен адалдыққа деген берік ұстаным анық байқалды.
🎓 Байқау жас ұрпақтың азаматтық белсенділігін арттырып қана қоймай, олардың сыни ойлау қабілеті мен шығармашылық көзқарасын дамытуға ықпал етті.
📌 Осындай іс-шаралар – оқушылар бойында патриоттық сана мен азаматтық ұстаным қалыптастырудың маңызды құралы.