🌳ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУШЫЛАР «ЖАСЫЛ МЕКЕН» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЧЕЛЛЕНДЖІНЕ ҚАТЫСАДЫ » «№41 А.Макаренко атындағы мектеп лицей» КММ
Шымкент қаласының білім басқармасының
«А.Макаренко атындағы №41 мектеп-лицейі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7 (7252) 95-49-71
Есепші бөлімі:
+7 (7252) 95-49-71
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 🌳ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУШЫЛАР «ЖАСЫЛ МЕКЕН» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЧЕЛЛЕНДЖІНЕ ҚАТЫСАДЫ
12
мамыр
2023

🌳ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУШЫЛАР «ЖАСЫЛ МЕКЕН» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЧЕЛЛЕНДЖІНЕ ҚАТЫСАДЫ

🌳ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУШЫЛАР «ЖАСЫЛ МЕКЕН» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЧЕЛЛЕНДЖІНЕ ҚАТЫСАДЫ
13 мамыр күні елорда уақытымен сағат 12:00-де бір мезгілде барлық білім беру ұйымдарында «Жасыл мекен» республикалық челленджі өтеді. Экологиялық акцияға ҚР Оқу-ағарту министрі, құрылымдық бөлімше басшылары, білім беру ұйымдарының директорлары, мұғалімдер мен оқушылар қатысады.
🗣️Тәрбие жұмысы және қосымша білім беру департаментінің хабарлауынша, іс-шара экологиялық мәдениетті, өлке табиғаты мен қоршаған ортаға ұқыпты қарауды, еңбекқорлықты, қоршаған ортаны көгалдандыруды дамытуға бағытталған.
💬«Біз, ересектер балаларға үлгі болуымыз керек. «Жасыл мекен» республикалық челленджі білім алушылардың еңбекқорлығы мен қоршаған ортаға деген қамқорлығын көрсетеді. Акция бүкіл ел бойынша бір уақытта өтеді», – дейді департамент директорының міндетін атқарушы Аман Сейітов.
Көшет отырғызу орнын білім беру ұйымындары таңдайды.Челленджге қатысушылар мен отырғызылатын көшеттер саны шектелмейді.
❕Айта кетейік, экологиялық акция #оқуағарту #заботаоприроде #посадкадерева #жасылмекен #еңбекқорлық жалпы хештегімен өтеді.