13
мамыр
2023
🌳«ЖАСЫЛ МЕКЕН» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЧЕЛЛЕНДЖІНЕ ҚАТЫСАМЫЗ

“Төрт тоқсан - төрт өнер” ұлттық мәдени- ағартушылық тұжырымдамасы негізінде “Туған өлкем” жобасы аясында абаттандыру, көгалдандыру бойынша мектебіміздің оқушылары “ Ағаш отырғызу, гүл егу” республикалық челленджіне қатысты.
Бұл іс-шара экологиялық мәдениетті, өлке табиғаты мен қоршаған ортаға ұқыпты қарауды, еңбекқорлықты, қоршаған ортаны көгалдандыруды дамытуға бағытталған.
«Жасыл мекен» республикалық челленджі білім алушылардың еңбекқорлығы мен қоршаған ортаға деген қамқорлығын көрсетеді.
Бүгінгі челленджге мектеп әкімшілігі, мұғалімдер және мектеп парламенті мүшелері қатысты.