«Ең үздік медиатор мектебі» байқауының қалалық кезеңі өтті. » «№41 А.Макаренко атындағы мектеп лицей» КММ
Шымкент қаласының білім басқармасының
«А.Макаренко атындағы №41 мектеп-лицейі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7 (7252) 95-49-71
Есепші бөлімі:
+7 (7252) 95-49-71
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Ең үздік медиатор мектебі» байқауының қалалық кезеңі өтті.
20
қазан
2022

«Ең үздік медиатор мектебі» байқауының қалалық кезеңі өтті.

Қосымша білім беру оқу салалық орталығы Қазақстан Республикасы  Оқу- ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің 06.09.2022жылғы №15-6/3081-И хатына сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 20 наурыздағы №148 қаулысымен бекітілген Балалар жылын  өткізу жөніндегі іс- шаралар жоспарын орындау аясында «Ең үздік медиатор мектебі» байқауының қалалық кезеңі өтті. Байқау «Қаратау өнер мектебінде» ұйымдастырылды. Байқау аясында жарыстар 4 бағыт бойынша өткізілді. Осы байқауға А.Макаренко атындағы №41 мектеп-лицейінің 11 «Б» сынып оқушысы  Каримкулов Нұрсұлтан қатысып, барлық бағыт бойынша жүлделі орындарға  ие болды:
1.     «Жанжал және оны шешу жолдары» тақырыбы бойынша сурет конкурсы –III орын.
2.     Мектеп  медиациясы қызметтерінің логотиптер  конкурсы – II орын.
3.     Мектеп медиация тақырыбындағы бейнефрагмент конкурсы – I орын.
4.     «Медиатор – келіссөздер шебері» эссе байқауы – III орын. 
      Нұрсұлтан керемет нәтиже көрсетіп, ресубликалық кезеңге жолдама алды. Сәттілік тілейміз!