«Архив және болашақ ұрпақ» жобасы аясында ұйымдастырылған викториналық сұрақ-жауапқа оқушылар белсенділігін танытты. » «№41 А.Макаренко атындағы мектеп лицей» КММ
Шымкент қаласының білім басқармасының
«А.Макаренко атындағы №41 мектеп-лицейі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7 (7252) 95-49-71
Есепші бөлімі:
+7 (7252) 95-49-71
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Архив және болашақ ұрпақ» жобасы аясында ұйымдастырылған викториналық сұрақ-жауапқа оқушылар белсенділігін танытты.
10
наурыз
2023

«Архив және болашақ ұрпақ» жобасы аясында ұйымдастырылған викториналық сұрақ-жауапқа оқушылар белсенділігін танытты.

  📌 2023 жылдың 10 наурызында «Шымкент қалалық мемлекеттік архиві» КММ ұжымы Мәдениет және спорт министрлігінің Архив істері және құжаттаманы басқару комитетінің бастамасымен «Архив және болашақ ұрпақ» жобасы аясында  Шымкент қаласының білім басқармасының «А.Макаренко атындағы №41 мектеп-лицейі» КММ, 8 "З" сынып  оқушыларына өткізілді, руханиятымыз бен тарихымызды құнды құндылықтармен толықтырып отырған архив мекемесінің маңыздылығы мен қоғамдағы ролі туралы мәлімет беріліп, Ресей мемлекеттік архивтерінен әкелінген өңіріміздің тарихына қатысты құнды құжаттар, еліміздің дамуына қарымды үлес қосқан дара тұлғалардың жеке текті құжаттары, мемлекеттік сақтауда тұрған төте жазу, латын графикасындағы құнды құжаттар бойынша ұйымдастырылған көрмесімен таныстырды. Көрмені таныстыру барысында студенттер арасында архивтік құжаттар негізінде ұйымдастырылған викториналық сұрақ-жауапқа оқушылар белсенділігін танытты.
    🎥Оқушыларға Шымкент қалалық мемлекеттік архивінің тарихын баяндайтын бейне ролик, архивтік деректер негізінде дайындалған «Кешегі тарихымыз-ертеңгі болашағымыз» атты қысқаша деректі фильм көрсетілді. Архивтің негізгі бөлімдерінің атқаратын қызметіне, архивтік құжаттарды цифрлы таңбаға көшіру барысына, қоймаларына экскурсия жасады.