10
желтоқсан
2021
“Вейп-денсаулыққа өте қауіпті!” атты апталық
Жасөспірімдер арасында бір реттік вейп “эпидемиясы” белең алғаны байқалуда. Еліміздің ұлттық қоғамдық денсаулық сақтау орталығының мәліметіне сүйенсек: 11 жастан 15 жасқа дейінгі электронды темекі шегетін жасөспірімдердің саны 3 есеге, ал қыздар арасында 2 есеге өскен.
Осыған орай, проблеманың маңыздылығын ескере отырып мектебімізде “Вейп-денсаулыққа өте қауіпті!” атты апталық өтті, “Ұлттық саулығы- ұлт саулығы” атты тәрбие сағаттары мен бейнероликтар көрсетіліп, нарколог-дәрігерлермен кездесу өтті.



