06
март
2024
«Қазақ тілі мен әдебиеті» әдістемелік бірлестігінің апталығы басталды.
А.Макаренко атындағы N 41 мектеп - лицейінде 04.03.2024 ж. «Қазақ тілі мен әдебиеті» әдістемелік бірлестігінің апталығы басталды. Апталықтың мақсаты: қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінде және сабақтан тыс іс – шараларда оқытудың заманауи тәсілдерін қолдана отырып, оқушылардың білім алуға қызығушылықтарын арттыру, ой – өрісі мен таным белсенділіктерін жан – жақты жетілдіру.
Апталықтың ашылуы таңғы сағат 07:30-да әдістеме бірлестіктің ұйымдастырылуымен көңілді әнмен ашылды. Мектеп директоры: А.А. Сарымсаковаға сөз берілді. Ұлттық ойындар «Ақсүйек», «Арқан тарту», «Асық» ойнатылды. Жеңімпаздарға ұлттық тағамнан ауыз тигізілді.
Осы күндері барлық мұғалімдер жоғары деңгейде ашық сабақтар өткізді.






