04
декабрь
2021
Халықаралық СПИД-ке қарсы күрес күніне орай мектебімізде тәрбие сағаттары өткізілді
- Халықаралық СПИД-ке қарсы күрес күніне орай мектебіміздің 7-11 сыныптар арасында ақпараттық тәрбие сағаттары өткізілді: СПИД – ХХІ ғасыр індеті.
Тәрбие сағатының мақсаты: Адамзат өміріне қауіп төндіріп отырған қатерлі СПИД дертінің алдын-алу,оның жұғу жолдарын одан сақтана,қорғана білу туралы түсіндіру. Салауатты өмір салтын қалыптастыру. Оқушыларды жаман әдеттен аулақ болуға, адамгершілікке, инабаттылыққа, ел жандылыққа тәрбиелеу.
Сонымен қатар: 9-11 сынып оқушыларымен Наркологиялық диспансер дәрігері Ашенова Ляззатпен кездесу болды. Әңгіме барысында СПИД-ті болдырмау жөнінде алдын алу туралы түсінік берілді.




