Тілім менің – рухым менің» » «№41 А.Макаренко атындағы мектеп лицей» КММ
Шымкент қаласының білім басқармасының
«А.Макаренко атындағы №41 мектеп-лицейі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7 (7252) 48-91-43
Есепші бөлімі:
+7 (7252) 95-49-71
Нашар көрушілер
нұсқасы
09
қыркүйек
2026

Тілім менің – рухым менің»

Тілім менің – рухым менің»
Тіл – ұлттың жаны, халықтың рухани байлығы, елдің тарихы мен мәдениетін ұрпақтан-ұрпаққа жеткізетін баға жетпес құндылық. Ана тілі – әр адамның жүрегіне жақын, бойына рух пен күш сыйлайтын асыл мұрасы.
Осы орайда, Тілдер мерекесіне байланысты А.Макаренко атындағы №41 мектеп-лицейінде «Тілім менің – рухым менің» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. 
Іс-шараның басты мақсаты – оқушыларға ана тілінің маңызын түсіндіру, мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру, тілге деген құрмет пен сүйіспеншілікті арттыру және ұлттық құндылықтарды дәріптеу болды.
Дөңгелек үстел барысында оқушылар тілдің қоғамдағы орны, қазақ тілінің байлығы мен көркемдігі, ана тілін сақтау және дамыту жолдары туралы өз ойларын ортаға салды. Сонымен қатар, қатысушылар тіл – ұлттың айнасы, елдің бірлігі мен тұтастығының негізі екенін ерекше атап өтті.
Тіліміз – біздің өткеніміз, бүгініміз және болашағымыз. Сондықтан туған тілімізді құрметтеу, оның қадір-қасиетін арттыру және келер ұрпаққа аманат ету – баршамыздың азаматтық парызымыз! 
Тілім барда – ұлтым бар,
Ұлтым барда – рухым бар!