22
қыркүйек
2026
«Еңбек түбі – береке» тақырыбында сынып сағаттары өткізілді
«Еңбек түбі – береке» тақырыбында сынып сағаттары өткізілді
А. Макаренко атындағы №41 мектеп-лицейінде 8–9 сынып оқушылары арасында «Еңбек түбі – береке» тақырыбында сынып сағаттары өткізілді.
Сынып сағаттарының негізгі мақсаты – оқушыларға еңбектің адам өміріндегі маңызын түсіндіру, еңбекқорлыққа, жауапкершілікке, табандылыққа және өз ісіне адал болуға тәрбиелеу. Оқушыларға кез келген жетістікке маңдай термен, ізденіспен және тынымсыз еңбектің нәтижесінде қол жеткізуге болатыны түсіндірілді.
Іс-шара барысында оқушылар еңбек, кәсіп, мамандық таңдау, еңбекқорлық және жауапкершілік туралы өз ойларын ортаға салып, пікір алмасты. Әр адамның қоғамға пайдалы болуы үшін өз еңбегін адал атқаруы маңызды екені айтылды.
Сонымен қатар оқушыларға еңбекті құрметтеу, үлкендердің еңбегін бағалау, уақытты тиімді пайдалану және алдына қойған мақсатына табандылықпен жету жөнінде тағылымды әңгімелер айтылды.
Сынып сағаттары барысында оқушылар белсенділік танытып, еңбек туралы мақал-мәтелдер айтып, өздерінің болашақ мамандықтары мен армандары туралы ой бөлісті.
Еңбек – жетістікке бастар жол. Еңбекқорлық пен табандылық – жарқын болашақтың берік негізі!


