Мектебімізде «Жастар арасындағы нашақорлыққа жол жоқ!» тақырыбында қалалық құқық қорғау мекемесінің маманымен кездесу өтті. » «№41 А.Макаренко атындағы мектеп лицей» КММ
Шымкент қаласының білім басқармасының
«А.Макаренко атындағы №41 мектеп-лицейі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7 (7252) 95-49-71
Есепші бөлімі:
+7 (7252) 95-49-71
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Мектебімізде «Жастар арасындағы нашақорлыққа жол жоқ!» тақырыбында қалалық құқық қорғау мекемесінің маманымен кездесу өтті.
10
қаңтар
2025

Мектебімізде «Жастар арасындағы нашақорлыққа жол жоқ!» тақырыбында қалалық құқық қорғау мекемесінің маманымен кездесу өтті.

‘’ЖАСТАР АРАСЫНДАҒЫ НАШАҚОРЛЫҚҚА ЖОЛ ЖОҚ’’ А.Макаренко атындағы №41 мектеп-лицейінде 2025 жылдың 10 қаңтар күні   нашақорлықтың және есірткінің алдын алуға  бағытталған «Жастар арасындағы нашақорлыққа жол жоқ!» тақырыбында  қалалық құқық қорғау мекемесінің маманымен  кездесу өтті.
Кездесуге Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданының полиция аға лейтенанты Раимбекова Ақерке және директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ардак Куанбековна қатысты.
Кездесу барысында нашақорлықтың зардабы, адам өміріне залалы және нашақорлыққа қатысты қылмыстың алдын-алу шаралары туралы тақырыптар қозғалып, оқушылар үшін маңызды сұрақтар талқыланды. Есірткіге әуестенушілердің жастар арасында көбеюі жұртшылықты алаңдатып отырған ең өзекті тақырыптардың бірі болып табылады.        
Мектеп оқушыларына  тәрбиелік мәні бар, есірткі заттарының зияны жайлы бейне ролик көрсетіліп, студенттер өздеріне керекті сұрақтарын қойып жауаптарын алды. Сондай-ақ кездесуде жасөспірімдер арасында есірткіге тәуелділік, есірткі тұтынуы және әуестенуі түсіндірме жұмыстары жүргізілді.